jasqazaq.kz

Ақтөбеде сүйіктісін өлтірген жігіт сотта кешірім сұрады

15 қантар 2020, 22:10

Ақтөбе облыстық мамандандырылған ауданаралық сотында сүйіктісін өлтірген сотталушы Бақыт Орынбасаров соңғы сөзін айтып, кешірім сұрады.Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Бақыт Орынбасаров сүйіктісі Әсем Эльбрусованы өлтірді деген айып тағылып отыр. Олар 2018 жылы танысып, 2019 жылы отбасы құруға келіскен. Тергеу нұсқасы бойынша, екі жас жалдамалы пәтерде кездесіп, 23 жастағы сотталушы сол жерде 22 жастағы болашақ жарын өлтірген.

Бүгін Ақтөбе облыстық мамандандырылған ауданаралық сотында айыпталушы көптің алдында кешірім сұрап, әділ жаза тағайындауды күтетінін жеткізді.

«Ата – анамнан, тума-туыстарымнан кешірім сұраймын. Соттан заңды және әділ шешім қабылдауыңызды сұраймын», — деді Б.Орынбасаров.

Ал жәбірленуші тарап оған неғұрлым қатаң жаза беруді сұрап отыр.

«Бүгін біз сот шешімін тыңдауға келген едік. Шешім ертең шығатын болды. Кеше жарыссөз өтті. Сотталушының қорғаушысы Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабын «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабына ауыстыруды сұрап отыр. Ол өз кінәсін толық мойындамады», — деді марқұм Әсем Эльбрусованың анасы Айгүл Бірімжанова.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия