jasqazaq.kz

Ақтөбеде студенттер жатақханасынан өрт шығып, 131 адам эвакуацияланды (Видео)

25 қантар 2022, 14:54

Ақтөбеде Медициналық университет жатақханасынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға бүгін сағат 8:58-де болды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші-диспетчерлік қызметіне М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің студенттер жатақханасында тоңазытқыштың жанып жатқаны туралы хабарлама түсті. «Өрт Ақтөбе қаласы Пацаев көшесінде орналасқан жатақхананың үшінші қабатында тіркелді. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 42 адам және 11 техника жіберілді. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар бірден адамдарды шұғыл эвакуациялауға кірісті. Жатақхана терезелерінен қалың түтін шығып жатты. Баспалдақ маршының көмегімен құтқарушылар 39 шетелдік азаматты құтқарды. Барлығы 131 адам эвакуацияланды, оның ішінде 105-і шетелдік азамат. Құтқарылған және эвакуацияланған адамдар жылжымалы жылыту пунктіне орналастырылды», — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметінен. Өрттің ауданы – 16 шаршы метр. Қазір оттың қалай тұтанғаны анықталып жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде