jasqazaq.kz

Ақтөбеде Сирия азаматтары ұсталды

12 қыркүйек 2019, 18:57

Сирия азаматтары Ақтөбенің Байғанин ауданынан ұсталды. Олар Қазақстанға ителгі аулауға келген. 

Ақтөбе облысында үш автокөлік ішінен елу дана көгершін табылды. Оқиға 30 тамыз күні сағат 23:00-де тіркелді. Байғанин ауданының Жаңажол ауылдық округі, Доңызтау маңында «Охотзоопром» РМКК инспекторлары «Монтера спорт», «Митсубиси Поджера» және «Тайота Ланд Крузер» көлігінің жолаушылары мен жүргізушісін аудандық ішкі істер бөліміне жеткізді. «Тексеру жұмыстары кезінде біреуі қазақстандық екені анықталды. Ал өзге бесеуі — Сирия азаматтары. Ұсталғандардың айтуынша, олар бірнеше күн бұрын Алматы қаласына келіп, Ақтөбеге бағыт алған. Көгершіндерді Арал маңындағы ауыл тұрғындарынан алған, оны азық үшін пайдаланған. Қазақстанға ителгі мекендейтін жерді іздеуге келген», — деп хабарлады облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. Осы іс бойынша Әкімшілік құқық бұзу кодексі бойынша шара қолданылды. Қазақстан және Сирия азаматының әрқайсысына 25 мың теңге айыппұл салынды. Екі Сирия азаматы Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жазаланды. Біреуі ескерту алса, екіншісі 15 тәулікке қамалды. Ал көгершіндер бостандыққа жіберілді. Айта кетейік, ителгі Қызыл кітапқа енген. Оны аулауға болмайды.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық