jasqazaq.kz

Ақтөбеде шу шығарған егіздердің, салафит екені анықталды (видео)

16 тамыз 2018, 15:43

Ақтөбеде түсірілген атышулы видеодағы егіз жігіт теракт жасалғалы жатыр деп хабар берген.

Облыстық ІІД өкілдерінің мәліметінше, биыл 29 шілдеде қалалық ІІБ 102 пультіне хабар түскен. «Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері хабар берген ер адам мен оның егізінен жауап алғысы келген. Бірақ олар есірткіге мас болып, ештеңе де түсіндіріп бере алмаған, онымен қоймай қоғамдық тәртіпті бұзып, былапыт сөз айтып, тәртіп сақшыларының сөзін елемеген», — деп хабарлады өңірлік ІІД баспасөз қызметіндегілер. Екі жігіт келесі күні полицияға жеткізілгеннен кейін егіздің бір сыңары қашпақ болып, ІІБ-нің екі қызметкеріне тап берген. «Осыған байланысты оларға қатысты ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, Ақтөбе қалалық соты оларды әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды. Сондай-ақ, 30 шілдеде оларды полицияға жеткізу барысында егіздің бірі Ақтөбе қалалық ІІБ-нің екі қызметкеріне дене жарақатын салған. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 1-бөлігі бойынша тергеу жүріп жатыр. Келесі тексеріс барысында олардың деструктив салафит ағымын ұстанушылары екені анықталды», — деді облыстық ІІД өкілдері.

Tengrinews.kz

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді