jasqazaq.kz

Ақтөбеде ресейліктер бес компанияны заңсыз ашып алған

22 қазан 2019, 14:29

Ақтөбе прокуратурасы көлеңкелі экономиканы кәсіп еткен компанияларды анықтады. 

2018 жылы облыста Қылмыстық Кодекстің «Жұмысты іс жүзінде орындаусыз, құқықтық қызмет көрсетулерсіз, тауарларды жөнелтусіз шот фактура жазу әрекеттерін жасау» бабы бойынша 10 іс қозғалған болатын. Биыл жыл басынан бері 2 қылмыстық іс тіркеліп отыр. Ал салықтан жалтарған 4 іс бар. «Өңірде «бір күндік фирмаларды» жалған тұлғалардың атына тіркеу тәжірибесі жалғасуда. Мысалға Ресей Федерациясының екі азаматы Көші-қон заңнамасын бұзып, бизнес–иммигрант визасын алмай, 5 компанияны заңсыз тіркеген және сол арқылы 1,5 млрд теңге ақшаны қолма-қол аударып алған. Бұл дерек бойынша облыс прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 216-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», — деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі. Айта кетейік, облыс прокуратурасының бастамасымен Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне 10 компанияның басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі кезде келісімшарттарды жарамсыз деп тану туралы 35 талап арыз сотқа беріліп, қанағаттандырылды. Мемлекеттік кірістер департаментіне тапсырма беріліп, салықтық тексерулер жүргізілді. Нәтижелері «бір күндік фирмаларға» 6,1 млрд теңге қосымша салық есептелді.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде