jasqazaq.kz

Ақтөбеде Өзбекстан азаматы 147 рет жол ережесін бұзды

27 мамыр 2021, 16:06

«Мираж-Ураган» модернизацияланған жүйесі арқылы Өзбекстан азаматының 146 рет жылдамдықты асырып, бір рет бағдаршамға бағынбағаны анықталды.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері ҚР жол қозғалысы ережесін қасақана бұзған адамды анықтады. «Мираж-Ураган» модернизацияланған жүйесінің көмегімен Өзбекстан Республикасының азаматы ұсталған. Ол жыл басынан бері 147 рет ереже бұзды. « ВАЗ-21099 автокөлігінің жүргізушісі 146 рет жылдамдықты асырып, бір рет бағдаршамның тыйым салатын сигналынан өтіп кеткен. Айыппұлдың жалпы сомасы 3 млн 390 мың теңгені құрады. Полиция материал жинап, шешім қабылдау үшін істі әкімшілік сотқа жіберді», — деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. Жыл басынан бері «Мираж-Ураган» модернизацияланған жүйесінің көмегімен бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған 46 жүргізуші мен 113 мемлекеттік борышкер анықталып, 21 млн теңгеден астам қаражат өндірілді.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия