jasqazaq.kz

Ақтөбеде өртенген автобустың иесі ұсталды

01 желтоқсан 2018, 17:34

Өзбекстан астанасында 52 өзбекстандық өртеніп кеткен автобустың иесі, ҚР азаматы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Автобус Қазақстан Республикасының 46 жастағы азаматына тиесілі болатын. Ол Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына келмей, қашып жүрген. Ол Қазақстанда ҚР Қылмыстық кодексінің 348-бабының («Көлiк құралдарын сапасыз жөндеу немесе оларды техникалық ақауларымен пайдалануға шығару») 4-бөлігіне сәйкес айыпталып жатыр», — деп мәлімдеді Ташкент қалалық ішкі істер бас басқармасының баспасөз қызметі. Өзбекстандық құқық қорғаушылардың мәліметінше, 2018 жылғы 20 қарашада Ташкент қаласының Сіргелі ауданында жедел-іздестіру шаралары кезінде автобустың мемлекетаралық іздеуде жүрген иесі ұсталған. Күдікті экстрадициялау мәселесі шешілгенге дейін ӨР ІІМ Жаза өтеудің бас басқармасы мекемесінде болады. Күдіктіні ҚР құқық қорғау органдарына беру процедурасы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы халықаралық келісімдерге сәйкес іске асады. Еске сала кетейік, 2018 жылғы 18 қарашада, шамамен таңғы 10:30-да «Самара-Шымкент» автожолының 1068-шақырымында «Kassbohrer» маркалы автобус жанып кеткен болатын. Оның ішіндегі 57 адамнан 52 өзбек азаматы қаза тапқан, 5 адамды күйік шалған.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді