jasqazaq.kz

Ақтөбеде орталық қызметкерлері ақыл-есі кем балаларды ұрып-соққан

30 сәуiр 2022, 10:50

Ақтөбеде әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлері ақыл-есі кем балаларды ұрып-соқты деген күдікке ілінді. Бұл туралы  Stan.kz хабарлайды.

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 28 сәуірде прокуратураға «№1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесіндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға қатысты зорлық-зомбылық туралы шағым түскен. Орталықта ақыл-есі кем, церебралды сал ауруы, Даун синдромы мен олигофренияға шалдыққан балалар тәрбиеленеді.

«Прокурорлар бірден осы мекемеге барып, бейнебақылау камераларын қарап шықты. Тексеру барысында орталық қызметкерлері балаларды ұрғаны және өзге де зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағаны анықталды», — делінген хабарламада.

Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 110-бабының 2-бөлімі (Азаптау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық істің материалдары тергеу жүргізу үшін Ақтөбе қаласының полиция басқармасына жіберілді.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлады прокуратура.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр