jasqazaq.kz

Ақтөбеде өкпесі қабынғандар ауруханаға сыймай жатыр

20 маусым 2020, 10:27

Ақтөбеде өкпесі қабынған науқастар ауруханаға сыймай жатыр. Соңғы аптада бұл дерттен сегіз адам қайтыс болған. 22 науқастың жағдайы ауыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Қазір Ақтөбедегі үш ауруханада да бос керуерт жоқ. Өкпесі қабынғандарды барлық бөлімшелерге жатқызып жатыр. «Егер ауру көбейе берсе, облыстық перзентхананы да пульмонология бөліміне айналдырамыз», — дейді мамандар.

Ал қалалық Қарғалы ауруханасына толықтай тек пневмония дертіне шалдыққандарды жатқызатын болған. Дәрігерлердің сөзінше, өкпесі қабынған науқастардың сынамасынан COVID-19 вирусы табылмаған. Бірақ дерттің белгісі дәл коронавирустікіндей. Тынысы тарылып, қызуы көтеріледі, көк жөтел болады. Жасанды аппараттар да жетіспейді.

Қазір он алты науқас аппараттың көмегімен дем алып жатыр. Науқастың көптігінен оларға қарайтын дәрігер тапшы. Жұмыстың ауырлығына шыдамай қызметінен бас тартып жатқан ақ халаттылар да жетерлік.

«Тағы да бірнеше дәрігер сол жерге барудан бас тартты. Себебі, олар да адам. «Жұмыс істемейміз, жұмыс істей алмаймыз» — дейді», — дейді Ақтөбе облыстық ДСБ басшысының міндетін атқарушы Светлана Есенаманова.

05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық