Ақтөбеде оқушыларға салатын екпені шатастырып алған (Видео)

28 қыркүйек 2022, 10:57

Ақтөбеде оқушыларға салатын екпені шатастырып алған дәрігерлер тергеліп жатыр. Рауан ауылындағы орта мектепте 1-сыныпта оқитын қырық балаға манту сынамасының орнына басқа вакцинаны егіпті. Соның кесерінен бүлдіршіндердің білегі іріңдеп, терісі тесілген. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Дәрігерлердің салғырттығын аймақтағы Денсаулық сақтау басқармасының басшылары да мойындап отыр. Қазір құқық қорғау органдары осы оқиғаға байланысты тексеруді бастап кетті.

Рауан ауылындағы мектептің 1-сыныбында оқитын қырық оқушы бір апта бұрын білектен екпе алыпты. Ата-аналарға манту сынамасы салынады деп алдын ала ескерткен. Бірер күннен соң балалардың білегі ісініп, артынан іріңдеп тесіле бастайды. Кейбір бүлдіршіндердің қолтығы мен тамақ безі шошынып, қолын көтере алмай қалған. Екпе салған дәрігерлер оқушылардың қолындағы іріңді құрғатып алып, дәкемен байлап беріпті.

Дәурен Өскінбаев, Рауан ауылының тұрғыны:

— Айтсыншы, медиктер БЦЖ салған қателігін қалай білмейді? Мүмкін емес. Себебі, манту мен БСЖ-ның түрін бәлен жыл жасаған медиктер білу керек. Олар байқаған. Жасыру үшін БЦЖ екенін біліп, ата-аналардан жасыру үшін іріңді сығып, баланың қолына май жағып, бинт таққан. Оның өзі қылмыстық іс деп білемін.

Қырық оқушының бәріне бірдей манту сынамасы емес, туберкулезге қарсы вакцина салынған. Оны білектен емес, иықтан төмен салу керек. Ал осы дәріні шатастырған жекменшік «Медикус» орталығының мамандары екен. Олар мемлекеттік тапсырыспен мектеп оқушыларына қызмет көрсетеді. Енді ата-аналар балаларының денсаулығына алаңдап отыр.

Шынар Бекболатқызы, Рауан ауылының тұрғыны:

— Білек деген мына жер. Оның терісі жұқа. Ол организмге вакцина кіріп кетті. Балаларлың ағзасында жүр. Енді алты ай уақыт күтуімізді сұрайды. Күтіп отыратын болсақ, ешкім кепіл бермейді, ертең біреуі мүгедектікке алып келу жағдайы болуы мүмкін. Дәрігерлер қарау керек. Қолға алу керек дейді.

Медицина қызметкерлерінің манту орнына басқа екпені шатастырып салғанын Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар да мойындап отыр. Қазір аталмыш екпені салуға жауапты дәрігер мен мейірбике тергеліп жатыр. Ал балаларға екпенің қандайда бір кесірі тие ме, жоқ па, оны ешкім айта алмайды.

Бақытжан Түлкібаева, Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

— Қателікті жіберген – медициналық қызметкерлер. Олар өз қателігін мойындап отыр. Енді қырық екі балаға осындай жағдай болған соң, алдымызда не болатынын ешкім айта алмайды. Тек қана өзіміз айтатынымыз, басқа жерге салынып, техникалық ақау жібергені рас.

Екпе алған оқушылар енді алты ай бойы дәрігерлердің бақылауында болады. Барлығын жекеменшік медициналық орталық ыстық тамақпен қамтиды. Бірақ ата-аналар білікті мамандарды жинап, балаларды толық тексеруден өткізіп берсін деп отыр. Сондай-ақ қателік жіберген дәрігерлер мен жекменшік емхананың да жауапқа тартылуын талап етеді.

18 сәуiр, 13:34
Түркістан: облыс полициясы 8 тәулік ішінде 2312 құқық бұзушылықты анықтады
17 сәуiр, 15:44
Түркістан: Сайрамдық полицейлер алаяқтықтың алдын алды
16 сәуiр, 12:24
Түркістан: Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа жол берілмейді
16 сәуiр, 12:05
Қайрат Нұрқасымов: Алматы Индустриялық аймағы – қала экономикасына серпін береді
12 сәуiр, 20:37
Түркістан: Полиция полковнигі жастарға есірткінің зардабын түсіндірді
12 сәуiр, 12:11
Түркістан: Сайрам ауданында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы өтуде
12 сәуiр, 12:10
Түркістан: Жетісай полицейлері «Заң және тәртіп» жобасын іске асыруда
11 сәуiр, 16:06
«Нөлдік төзімділік»: Түркістан полициясы 700-ден астам құқық бұзушыны анықтады
11 сәуiр, 15:50
Түркістан: Алаяқтар қашып құтылмайды