jasqazaq.kz

Ақтөбеде оқушылар ауруханаға түсіп қалды

22 сәуiр 2019, 14:29

Ақтөбеде №9 мектеп-гимназиясының оқушылары астан уланып қалды. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлады. Мектеп-гимназияның асханасында тамақ ішкен оқушылар 19 сәуір күні кешкілік ауруханаға түсе бастаған.

21 адамнан ішек инфекциясы анықталды. Олардың 20-сы — оқушы, біреуі — мұғалім. «Қазіргі кезде 2 науқас ауруханада тиісті ем алып жатыр. Қалған 19 адамға алғашқы медициналық көмек беріліп, олар ата-аналардың қалауымен амбулаторлық емді қабылдауды үйлерінде жалғастырады. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Барлығы дәрігерлердің бақылауына алынды. Эпидемиологиялық анықтау кезінде бәрі де мектеп асханасында тамақ ішкені анықталды. Ақтөбе қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы № 9 мектеп-гимназиясының асханасына жоспардан тыс зертханалық тексеру жүргізді.Тексеру барысында асханада жуылған ыдыстардың дұрыс кептірілмейтіні, ыдыс кептіретін арнайы құрылғының, шикі тағамдарды сақтайтын тоңазытқыш ішіндегі термометрдің жоқтығы, шикі тауық еті және тартылған балық өнімінің сапасын растайтын құжаттардың болмауы секілді талаптардың бұзылуы анықталды», — деді Ақтөбе қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айсәуле Оралбаева. Сонымен қатар тексеру барысында асхананы жалға алып отырған жеке кәсіпкер А.Наурызбаевтың санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды алмай жұмыс істегені анықталды. Осы дерек бойынша № 9 мектеп-гимназиясының директорына тәртіптік шара қолдану үшін Ақтөбе қаласы әкіміне, қалалық білім бөліміне хат жолданады. Қазіргі күні асхана жұмысы тоқтатылды. Эпидемиологиялық тексеру жалғасып жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде