jasqazaq.kz

Ақтөбеде нөсер жауыннан соң 50 қой-ешкіні бауыздауға тура келді

07 маусым 2021, 14:10

Ақтөбеде Кішіқұм ауылдық округіне қарасты Шоқсу стансасында жаңбырдан соң қой-ешкі бауырын көтере алмай қалды. Ауыл тұрғындары ұсақ жандықты бауыздап алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Кішіқұм ауылдық округіне қарасты Шоқсу стансасында оқыс оқиға тіркелді. Әлеуметтік желідегі бейнежазбадан қой-ешкінің бауырын көтере алмағанын көруге болады. Барлығы 15 ешкі мен 35 қой жауыннан соң тұра алмай қалды. «Қойды қырыққан соң жайылымға жіберген. Сол кезде бұршақ аралас жаңбыр жауып, жел соққан. Ауыл тұрғындары жайылымға жіберген малын уақтылы бауыздап үлгерді. Сөйтіп өзара таратып алған. Ешкімнен шағым түспеді. Шығын емес, тек сойып алған»,- деді Ақтөбе облыстық ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Иса Базаров.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде