jasqazaq.kz

Ақтөбеде несиелік амнистияға көмектесемін деп тұрғындарды алдаған әйел ұсталды

28 ақпан 2022, 14:27

Ақтөбеде несиелік амнистияға көмектесемін деп тұрғындарды алдаған әйел ұсталды. Бұл туралы Ақтөбедегі Алматы ауданының прокуроры Жасұлан Дәулембаев мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуратурасы Ақтөбе тұрғынына қатысты негізгі іс жүргізу шешімдерін келісті. Ол несиелік амнистия туралы жалған ақпарат таратып, кредитті толық кешіртуге көмек көрсетемін деп уәде беріп, екі әйелді кредит алуға көндіріп, жәрдем көрсеткені үшін алынған кредит сомасының 40 пайызын алған.

Несие алу үшін әйел жәбірленушілерді Қарағандыға шақырған. Жәбірленушілердің әрқайсысы бір күнде бес банктен 10 миллион теңгеден аса сомаға несие алған», — деп хабарлады Дәулембаев Facebook-те.

Арада бірер ай өткен соң ешкімнің несиесі кешірілмейтіні белгілі болған соң, жәбірленушілер полицияға жүгінген.

Күдіктіге іздеу жарияланды, сот қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

«Полицияға осыған ұқсас алаяқтық дерегі бойынша басқа да өтініштер келіп жатыр, осыған байланысты біз тек ресми ақпаратқа сену керектігін ескертеміз», — деп қосты Дәулембаев.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр