jasqazaq.kz

Ақтөбеде нәпақасынан айрылған судагерлер шу шығарды

25 мамыр 2020, 21:52

Ақтөбеде орталық базар саудагерлері наразылыққа шықты. «Вирустан емес, аштан өлеміз» деп айқайлаған олар биліктен өздерінің сауда орындарын ашуды талап етіп отыр. Ал халықты сабырға шақыруға келген қаланың бас санитар дәрігері бетперде киюді ұмытып, сол жерде күлкіге қалды. Саудагерлер Ақтөбенің әкімін де жұмысына іздеп барғанымен, Асхат Шаһаров кездесуге шықпай қойды. Базардағылардың базынасы. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Қаланың қақ ортасындағы орталық базардың қақпасына құлып салынғанына екі айдай болды. Сол уақыттан бері мұндағы мыңдаған саудагер жұмыссыз отыр. Олар бүгін наразылық білдіріп, билікке талаптарын қойды. Карантин жариянғалы бері нәпақасынан айрылған судагерлердің шыдамы таусылған. Ашуға мінген олар дереу базар ашылсын деп отыр. Қазір базар жабық болғанымен, ебін тапқан кейбір саудагерлер көше кезіп, тығылып жүріп затын сатады. «Бүйткен күніміз құрсын», — дейді олар.

Шолпан Есенова, саудагер:

— Қазір базардың айналасында тұрып сауда жасап жатыр. Сонда қандай айырмашылық бар? Ішке кірген адам коронавирус жұқтырады да, ішке кірмегендер жұқтырмай ма? Мен соны түсінбеймін. Осылай отыра берсек, коронавирустен емес, біз аштықтан өлеміз. Балаларымыз аштан өледі.

Елді сабырға шақыру келген Ақтөбенің бас санитар дәрігерінің өзі базардың қашан ашылатынын білмейді. Оның жауабына көңілі толмаған әйелдер айқайдың астына алды.

Аманжан Өтеғалиев, Ақтөбе қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау басқармасының басшысы:

— Аурудың көбеюіне байланысты қазір қаулы осылай қабылданды, мен қай уақытта ашылатынын айта алмаймын.

Ең қызығы, вирустан сақтануға шақыра келген қаланың бас санитар дәрігері ел алдында күлкіге қалды. Қалтасына салған бетпердесін көпшілік жерде киюді ұмытып кетіпті.

Сасқалақтаған санитардан қайыр болмаған соң, саудагерлер наразылығын әкімдік алдында жалғастырды. Вирус жұқтырудан қорықты ма, әлде әйелдердің арынынан сескенді ме, қала әкімі Асхат Шаһаров жайлы кабинетінен шықпай қойды.

Ақыры саудагерлердің талабымен облыстың бас санитар дәрігері енді бірер күнде жаңа қаулы қабылдайтын болды. Қазір базарға адамды санап кіргізуді қарастырып жатыр. Бірақ оны нақты қай күні жариялайтынын тағы да айтпады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде