jasqazaq.kz

Ақтөбеде мектеп оқушысын өлтірген күдікті ұсталды

28 қантар 2019, 16:35

Ақтөбеде мектеп оқушысы Мирасбек Дәулетияр пышақ жарақатынан көз жұмды. Қылмыстық іс қозғалып, 2002 жылы туған тағы бір мектеп оқушысы өз кінәсін мойындады.

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласында мектеп оқушысы аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды. Дәрігерлер қан көп кеткенін, өмірін сақтап қалу мүмкін болмағанын айтты. Ал бүгін облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. «26 қаңтар күні аудандық ауруханаға 16 жастағы жасөспірім пышақ жарақатымен жеткізілді. Ол кеуде тұсынан алған жарақаттан сол күні көз жұмды. Күдікті ретінде Шалқар қаласының 17 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол өз кінәсін мойындады. Қазір Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. Күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалды, — деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Ал қаза болған Мирасбек Дәулетияр оқыған мектеп директоры Алия Оспанованың айтуынша, оқиға 26 қаңтар күні сағат 19:00 шамасында болған. Шалқар көліндегі мұз айдынында оқушылар топ болып, төбелескен. «Екі мектептің оқушылары арасында төбелес болған. Сөз көтере алмаған сияқты. №6 орта мектептің 10 сынып оқушысы қалтасындағы пышақты сұғып алған. Біздің мектептің оқушысы реанимациялық үстелде көз жұмды», — деді І.Үргенішбаев атындағы орта мектеп директоры Алия Оспанова. Қайтыс болған Мирасбек Дәулетияр бокспен шұғылданып, жүлделі орындардан көрініп жүрген.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде