jasqazaq.kz

Ақтөбеде мектеп оқушысы төбелестен пышақ жарақатын алды

26 қазан 2018, 15:33


Ақтөбе қаласында М. Мақатаев атындағы №73 мектептің оқушысы өзге сыныпта оқитын оқушыға пышақ салған. Мектеп дәретханасының ішінде болған тәбелестен пышақ жарақатын алған оқушы ауруханаға жеткізілген.
NUR.KZ  жазғандай,  «Мектебімізде 8 бен 9 сынып оқушысының арасында кикілжің болып, 9-сынып оқушысы 8-сыныптың оқушысына пышақ жарақатын салған. Жарақат жеңіл түрде болған. Жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Екі оқушының да ата-аналарын шақырып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда бұл мәселе шешілді.
Жарақаттаған баланың қолындағы пышақ суық қаруға жатпайтыны іс барысында анықталды. Екі ата-ана да татуласты», — дейді №73 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлназ Ахметова.
Мектеп оқушысының сабаққа келгенде қалтасына пышақ салып жүретініне ұстаздары да таңырқап отыр.    «Негізі 8-сынып оқушысы 9-сыныптың оқушысын шақырған. Сырттан әңгіме естіген. Екеуі сол жерде төбелескен. Біреуден оны балағаттағанын естіген. Төбелес мектеп әжетханасының түбінде болған. Өзі тар жер. Дереу алдын алдық. Негізінен мектепте суық қару ұстап жүруге тыйым салынған. Бірақ, ол балада сол күні қалтасында пышақ болған», — дейді Гүлназ Ахметова.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді