jasqazaq.kz

Ақтөбеде мектеп оқушылары зираттың маңында төбелескен (видео)

15 қантар 2019, 11:06

Ақтөбеде бір топ мектеп оқушысы пышақтасып, нәтижесінде біреуі ауыр жарақат алған. Енді ол өмір бойына мүгедек болып қалуы мүмкін.

Tengrinews.kz жазғандай, телеарнаның мәліметінше, қаладағы төрт мектептің шамамен 40 оқушысы төбелескен. Полицейлер төбелестің себебін анықтап жатыр. Мектеп оқушылары зираттың маңында төбелес шығарған. Сюжетте бірінші курс студентінің үйге қансырап барғаны айтылады. Үйдегілері болса, жедел жәрдем шақыруға да қорыққан. «Ұлым мектепке барған, ол жақтан мұғалімдер такси шақыртқан. Жалпы ол үйде оқып жүретін. Содан оны шақыртып алды. (…) Сол жақта барлығы оны пышақтаған», — дейді зардап шеккен оқушының әкесі Нұрлан Тенелов. Дәрігерлер оның көп қан жоғалтқанын айтады. Туыстарына оның мұндай жарақаттан соң өмір бойына мүгедек болып қалуы мүмкін екенін айтқан. Полициядағылардың мәліметінше, «Денсаулыққа зиян келтіру» мен «Ұсақ бұзақылық» баптары бойынша тергеу жүріп жатыр.

 

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде