jasqazaq.kz

Ақтөбеде майор бойжеткенді зорлады деп айыпталуда

12 тамыз 2019, 16:31

 Ақтөбе тұрғыны өзін полиция майоры зорлап, ұрып-соқты деп айыптады.

Бұл оқиға маусым айының аяғында болған. Карина Әлиеваның айтуынша, маусым айының 24-нен 25-не қараған түні майор оған хабарласып, сыртқа шығуын өтінген. Егер шықпаса, онда барлығын ұйқысынан оятамын деп сес көрсеткен. Ол сыртқа шыққанда полицей мас болыпты. Каринаны көлігіне отырғызып, президент саябағына апарған. Қалың ағаштардың арасына көлігін қойған полицей қызды өзімен қалатынын айтып қорқытыпты. Артынша зорлап тастаған. Бойжеткен бірден полицияға шағымданып, бұл оқиға бойынша Ақтөбе облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғайды. Сол түні полицей оны қалай қорлағанын видеоға түсіріп алған екен. Алайда, Каринаның Rikatv.kz сайтына айтуынша, зорлау фактісі расталмаған. Енді полицей майоры жауапкершілктен құтылып кетуі мүмкін дейді. Сондай-ақ, тексеруге полиция қызметкерінің сол күні киген киімі емес, жаңа киімдері жіберілген. Ал полиция майорының әйелі болса, моральдық шығын ретінде қыздан 850 мың теңге өндіруге ниетті екен. Ақтөбе облыстық полиция департаменті болса, әлі тергеу жүріп жатқандығын айтты. «Бұл іс бойынша өзіндік қауіпсіздік басқармасымен бірге полиция департаментінде тергеу жүріп жатыр, сарапатамалар тағайындалды. Ал тергеудің қалай жүріп жатқандығы туралы ақпарат берілмейді. Тергеу қай уақытқа дейін жүретіні де белгісіз», – деді баспасөз қызметі. Карина Әлиева өзін зорлаған полицеймен бұрын кездескенін мойындады.

Дереккөз: stan.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда