jasqazaq.kz

Ақтөбеде күдікті тергеу изоляторынан қашып кеткен

27 қараша 2021, 15:45

Ақтөбеде күдікті тергеу изоляторынан қашып кеткен. Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі ол бір сағат ішінде ұсталғанын мәлім етті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Күдікті 24 қарашада қашқан.

«Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД тергеу изоляторында ҚК-нің 120-бабы («Зорлау») бойынша тергеуге алынған күдікті қашып кетті. Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері қашып кеткен адамды мекеме орналасқан ауданда бір сағат ішінде ұстады», — деді департамент өкілдері.

Енді күдіктінің жазасы ауырлайды — бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 426-бабына («Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен қашу») сәйкес соталды тергеу басталды.

«Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін ҚАЖ комитеті қызметтік тексеру тағайындады, соның нәтижесі бойынша лауазымды адамдарға қатысты тиісті шаралар қабылданады», — деп хабарлады департаменттегілер.

Басқа мәліметтер Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмеді.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық