jasqazaq.kz

Ақтөбеде көлік жарылып, бір адам ауруханаға түсті

14 қантар 2021, 17:22

Ақтөбеде көлік жарылып, кейін жанып кетті. Қазір бір адам ауруханада жатыр. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

Бүгін Ақтөбе қаласындағы Әуе қалашығы ауданында гаражда тұрған көлік жарылды. Сол сәтте гараж опырылып түскен.

«Хабарлама түскен кезде №2 және 3 өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері жіберілді. Жарылыстан соң көлік жанған. Көрші тұрған гараж да отқа оранған. Барлығы 21 адам мен 5 техника барды. Арада 20 минут өткенде өрт сөндірілді. Өрт кезінде 49 жастағы ер адамның күйік шалғаны анықталып, ауруханаға жеткізілді», — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Қазір күйік шалған ақтөбелік облыстық жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Оның беті мен қолы 25 пайызға күйіп қалған. ТЖД қызметкерлері жарылыс себебін анықтап жатыр.

Айта кетейік, көлік сұйытылған газбен жүрген.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия