jasqazaq.kz

Ақтөбеде көлік ішінде үш жасар бүлдіршіннің өртеніп кетуі: Екінші бала да көз жұмды

17 маусым 2021, 14:21

Ақтөбеде көлік өртеніп, 3 жасар бала жанып кетті. Көп ұзамай 7 жастағы бала да көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz.

«2014 жылы туған бала денесінің 80 пайызын күйік шалып, Әйтеке би аудандық ауруханасына жеткізілген. Жансақтау бөлімінде ем жүргізілді. Медициналық авиациямен барған мамандар да көмек көрсетті. Өкінішке қарай, ем нәтижесі болмай, бала кеше түнгі 12-де көз жұмды. Оның тыныс алу жолдарын күйік шалған», – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Күштаева.

Еске салсақ, Әйтеке би ауданы Еңбек ту ауылында екі бала үйдің ауласында тұрған «Ваз 2106» маркалы автокөлігінің салонында ойнаған. Белгісіз себептермен автокөлік өртеніп, 7 жасар бала шығып үлгерді. Ал 3 жасар бала өртеніп кетті.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жыл басынан бері 63 көлік жанып кетті. Оның 15-і жүк, 44-і жеңіл көлік болса, біреуі автобус, біреуі теміржолда.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия