jasqazaq.kz

Ақтөбеде киік мүйізін саудалап жүргендер ұсталды

22 сәуiр 2019, 16:28

Ақтөбеде киік мүйізін сатып алып, сатып жүргендер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті киік мүйіздерін сату, сатып алумен айналысқан адамдарды әшкереледі. Сонымен қатар Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында киік мүйізн заңсыз сақтағандар анықталды. «Әйтеке би ауданындағы ауылдық округтердің бірінің тұрғыны жазғы қонысында 20 киік мүйізін, 2 аңшы мылтығы мен оқ-дәрі сақтағаны анықталып, тәркіленді», — деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» бабы бойынша сот алды тергеу-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктілер өз кінәларын мойындады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде