jasqazaq.kz

Ақтөбеде қылмыстық топ ұсталды

12 қазан 2020, 10:34

Ақтөбеде ұзақ уақыт бойы жалған шот-фактура жазумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржы мониторингі комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Комитеттің Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеу басқармасы «СТОП-Обнал» жедел профилактикалық шаралар шеңберінде ұзақ уақыт бойы нақты жұмыс жасамай, қызмет көрсетпей және тауарларды жөнелтпей жалған шот-фактура жазумен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті. «Күдіктінің достары мен туыстары атына тіркеліп, басқа да серіктестіктерге қызмет көрсетілді немесе тауар жеткізілді деген дерекпен 15 кәсіпорынды тіркеуге/қайта тіркеуге қала тұрғынының қатысқаны анықталды. Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке төленбеген салық мен бюджет төлемдер түрінде 3,5 миллиард теңгеден астам көлемде аса ірі залал келтірген», делінген хабарламада. Қылмыстық кодекстің ҚК 216-бабы 3-бөлімі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, қазіргі таңда қылмыстық іс сотқа жолданды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия