jasqazaq.kz

Ақтөбеде қаржы пирамидасына адам тартқан алты әйел сотталды

09 сәуiр 2021, 10:57

Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрған топқа қатысты сот үкімі шықты. Unnity corporation ұйымын басқарған Қуаныш Жақсыбаев алты жарым жылға, ал оның тоғыз сыбайласы бес жылдан жаза арқалады, деп хабарлайды КТК.

Бұл пирамиданың ісі осыдан төрт жыл бұрын әшкере болған еді. Басшысы Қуаныш Жақсыбев елде жоқ мобильді қосымша ойлап тапқанын айтып 40 мыңға жуық адамнан ақша жинаған. Жұртқа түскен табыстан дивиденд алып тұрасыңдар деп сендіреді. Оның алаяқтығы белгілі болған бойда қамауға алынып, екі жыл бұрын сотталған еді.

Кейін қаржылық пирамиданы жалғыз өзі емес, сыбайластарымен бірге құрғаны анықталып, тергеу қайта басталған. Енді Unnity corporation ұйымын ел бойынша насихаттап, аймақтардан адам тартқандар да жазасыз қалмады. Олардың алтауы – әйел. Сыбайластары Ақтөбеден бөлек, Павлодар, Алматы, Семей, мен Талғар қалаларының тұрғындары екен. Олар 3 мыңнан астам салымшыны алдап тақырға отырғызып кеткен.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия