jasqazaq.kz

Ақтөбеде қалыңдық тойына 5 күн қалғанда басқа жігітпен қашып кетті

19 шiлде 2018, 11:26

Ақтөбелік келіншек ұяттан безген қыздардың көбейгенін айтып, қайын інісінің жағдайын баяндап берді. Ол өзінің үйлену тойында адам сенгісіз жағдайға тап болған деп хабарлайды NUR.KZ.

«Мұны заманнан көретін ештеңесі жоқ. Желкілдеген қыздар оңбаған. Біздің үйде 6 шілде күні той болу керек еді. «Юрта» мейрамханасымен келісіп те қойдық. Тойдың қамымен абыр-сабыр боп жүргенбіз. Белгілеген уақытқа 5 күн қалғанда түрі өрт сөндіргендей қайын інім үйге келіп, алатын қызының басқа адаммен қашып кеткенін айтты.
Бала еңсесі езіліп, он күн бойы төсектен тұрмастан жатты. Бұрын той болайын деп жатқанда «келіншек қашып кетіпті» дегенді интернеттен оқитын едік. Енді міне өзіміз есеңгіреп қалдық»,-дейді Айнұр есімді келіншек.
Отбасының онсыз да ұяттан бас көтере алмай отырғанын айтқан ол тегінің жасырын қалуын сұрады.

«Ініміз ол қызды алмай жатып алтынмен аптаған болатын. Қыз қашып кеткен соң үкі деп алған бриллиант жиынтығын, той көйлегін алып кеттік. Қыздың әке-шешесі де жерге қарап отыр. Ақтауға барып 300 мың теңгеге фотосессия жасаған болатын.
Мейрамханаға төлеп қойған тойдың ақшасы да кетті. Қып-қызыл шығын болдық. Барлық жамандық сол пәлемен кетсін деп отырмыз. Біреуді жылатып, біреу бақытты болмайды», — дейді келіншек.
Жігіт тойды тоқтатқысы келмей, тіпті басқа қыз алып қашпақшы болған. Алайда, бұл райынан оны өз достары қайтарып, жігітті дер кезінде тоқтатқан.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді