jasqazaq.kz

Ақтөбеде кәсіпкерді бопсалаған күдікті ұсталды (видео)

03 шiлде 2019, 14:10

Ақтөбе қаласында ақша бопсалағандар арнайы жасақпен ұсталды.

Ақтөбелік жас жігіт маусым айының басында полицияға ірі көлемде ақша бопсалап жүргендер туралы арыз түсірді. Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері жедел іздеу шарасын жүргізіп, 34 және 39 жастағы екі ақтөбелікті 1 миллион теңге алып жатқан жерінен ұстады. Осы дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің «Бопсалау» бабы бойынша іс қозғалды. «Таяуда осы секілді тағы бір қылмыс тіркелді. 6 маусым күні 26 жастағы кәсіпкерден арыз түсті. Ол 33 жастағы танысының ұзақ уақыттан бері 1,8 миллион теңгені, сонымен қатар құны 200 мың теңге болатын ұялы телефонын қорқытып алғанын хабарлады. Бопсалаушы тағы 5 миллион теңге сұрағанда жас жігіт полицияға жүгінген. 20 маусым күні ПД жедел қимыл арнайы жасағы жіберіліп, 4 миллион теңге алып жатқан күдікті ұсталды», — деді облыстық ПД баспасөз жетекшісі Ерболат Сарқұлов. Айта кетейік, екі дерек бойынша да қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер қамауға алынды.

https://youtu.be/EIKHdtWNbRM

ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда