
Ақтөбеде жоғалған оқушының денесі ауылдан 4 шақырым жерден табылды.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Ақтөбе облыстық полиция департаменті жоғалған Анатолий Лебедевтің денесі табылғанын хабарлады.

«Іздеу тобы оқушының денесін Алға ауданы, Қарақұдық ауылынан 4 шақырым қашықтықтан тапты. Жасөспірімнің денесінде ешқандай зорлық белгісі жоқ. Алдын ала болжам бойынша, оқушы далада үсіп қалған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.