jasqazaq.kz

Ақтөбеде газ жарылып, бүтін бір отбасы далада қалды

07 қантар 2019, 20:54

Ақтөбедегі саяжайлардың бірінде газ баллоны жарылып, үй қирап қалды. Ал үй иесі ауруханаға түсті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Ақтөбеде газ баллоны бір отбасын баспанасыз қалдырды. Үй иесі 5 литрлік газ баллонын жылыту үшін үйге кіргізіп, дәлізге қойды. Сол кезде газ жарылып, отағасы оны далаға лақтырып үлгереді. Ал жарылыс салдарынан үйдің шатыры ортасына түсіп, қабырғасы қирап қалды.

«Гүрс еткен дыбысты естігенде далада оқ атылды деп ойлаған едік. Сол сәтте терезе өзімізге қарай құлады. Әкем «Шығыңдар, газ баллоны жарылды» деп айқайлады. Бәріміз қаша жөнелдік», — деді Әсел Омарова.

Оқыс оқиға кезінде үйдің иесі ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайы орташа ауыр деп отыр.

«Беті, екі қолын күйік шалды. І-ІІ дәрежелі күйік. Жағдайы орташа ауыр, тұрақты. Ол тағайындалған емді алып жатыр»,- деді травматолог дәрігер Әділбек Қаражанов.

Ал үй тұруға жарамсыз болып қалды. Есік-терезесі қираған соң Омаровтар отбасы туған-туыстарын жағалап кетті. Отбасы ақтөбеліктерден көмек сұрап отыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде