jasqazaq.kz

Ақтөбеде газ жарылды: зардап шеккендер бар

09 маусым 2019, 18:32

Жарылыстан 82 және 25 жастағы екі ер адамның денесі күйіп қалған.

Ақтөбе қаласындағы гараждардың бірінде газ жарылып, екі тұрғын ауруханаға түсті, деп хабарлайды төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі. Қайғылы оқиға 9 маусым күні сағат 12:42-де Тілеу батыр көшесіндегі жеке үйдің аумағында болған. Газ жарылған соң, қызыл жалын 10 шаршы метрге шарпыған. «Өрт салдарынан 1937 және 1994 жылдары туған екі ер адамның денесі күйіп қалды. Олар ауруханаға жеткізілді», — делінген ТЖК таратқан хабарламада. Өрт сағат 12:58-де сөндірілді. Қызыл жалынды ауыздықтауға 18 өрт сөндіруші мен 5 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Дереккөз: sputniknews.kz

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді