Ведомствоның хабарлауынша, қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 217-бабы 1-бөлігі «Қаржы пирамидасын құру және басқару ісі» негізінде сотқа дейінгі тергеу басталған.
«Жедел-іздестіру шаралары барысында ұйымдастырушылар өздерін GAP тұтыну кооперативі ретінде танытып, тұрғындарға ақшаларын жылжымайтын мүлік пен автокөлік сатып алуға салуды ұсынған. Ол үшін азаматтар кезекке тұру мақсатында тұрғын үй немесе автокөлік құнының 10% бастапқы жарнасын төлеуі қажет. Осылайша, ұйымдастырушылар қаржы пирамидасына активтерді тартуды қамтамасыз еткен. Бүгінде тергеу амалдары жүргізілуде», — делінген департамент таратқан мәліметте.