jasqazaq.kz

Ақтөбеде ерлі-зайыптыны көлік қағып, екеуі де көз жұмды

27 сәуiр 2021, 11:30

Ақтөбеде ерлі-зайыпты жүргіншілер жолағымен жолды кесіп өтпек болған кезде оларды көлік қағып кетті. Екеуі де қаза тапты.

Ақтөбе қаласындағы Мұхтар Арынов көшесінде жол-көлік оқиғасы болды. «Hyundai Solaris» маркалы автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі Арынов көшесі бойында жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан ерлі-зайыптыны қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 27 жастағы келіншек сол жерде көз жұмды. Ал 29 жастағы күйеуі Жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді. Ол да алған жарақаттарынан көз жұмды.

«Көлік жүргізушісінің көлік басқару куәлігін 2020 жылдың соңында алғаны анықталды. Аталған факті барыша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Мұндай жол-көлік оқиғасының алдын алу үшін жүргізуші мен жаяу жүргінші жол қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауы қажет. Жүргізуші әрдайым жаяу жүргінші жолдың жүріс бөлігіне кенеттен шыққан жағдайда әрекет ете алатындай жылдамдықпен қозғалуы тиіс. Өйткені жол бойында балалар да болуы ықтимал», — деді облыстық ПД бастығы Атығай Арыстанов.

Айта кетейік, жыл басынан бері Ақтөбе облысында жаяу жүргіншілер өткелінде 12 ЖКО болды. Онда 2 жаяу жүргінші мерт болып, 13 адам дене жарақатын алды.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия