jasqazaq.kz

Ақтөбеде ер адамнан 9 келіден астам есірткі тәркіленді

07 ақпан 2022, 11:26

31 қаңтарда Ақтөбеде “Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Гришина көшесіндегі аулалардың бірінде 44 жастағы ер адамды байқап, тоқтатты.

Polisia.kz мәліметінше, ер азаматты тексеру кезінде есірткі заты бар 35 полиэтилен түйіншегі тәркіленді.

Сараптама көрсеткендей, тәркіленген зат – салмағы 2 келіден асатын марихуана болып шыққан. Сондай-ақ ұсталған адам есірткілік масаң күйде болған.

Әрі қарай тергеу әрекеттерін жүргізу барысында ұсталған адам бұл затты таныс адамынан алғанын түсіндірді.

Есірткі сатушының тұрғылықты жері бойынша тінту барысында қызметтік иттің көмегімен полиция қызметкерлері балконнан 7 келіден астам марихуанаға ұқсас затты тәркіледі.

ҚР ҚК 296-бабы 2-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) және ҚР ҚК 297-бабының 1-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қара нарықта тәркіленген есірткінің сомасы 3 млн. теңгеден асады. Айналымға жіберілмеген тәркіленген есірткі заттары 19 мыңнан астам бір реттік дозаны құрады.

Есірткі сатушы бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде