jasqazaq.kz

Ақтөбеде ер адам полиция бөлімінде атыс шығарды

19 желтоқсан 2018, 12:33

12 желтоқсанда Ақтөбедегі Елек аудандық полиция бөліміне учаскелік полицейдің табельдік қаруын алып, атыс шығарып, өзіне қол жұмсамақ болған ер адам жеткізілді.

Бұл туралы «РИКА ТВ» арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Полиция департаментінің мәліметінше, ер адамның шу шығарғанына көршілері шағымданып, артынша полицейлер алып кеткен. Оны тыныштандыру үшін, қолына кісен салуға тура келді.

Учаскелік бөлімге жеткізілгеннен кейін, ер адамның Ресей азаматы екені және іздеуде жүргені анықталды.

Қызметтік тергеу материалдарында учаскелік полицейдің тапаншаны үстелдің үстіне қойып, кабинеттен шығып кеткені жазылған. Мұнан кейін ұсталған азамат табельдік қаруды алып, инспектордың артынан кабинеттен шығып кеткен.

Дәлізден тәртіп сақшысын көрген ер өзін ғимараттан шығарып, босатып жіберуді талап еткен. Алайда инспектор одан қаруды беріп, кабинетке баруын сұрайды. Алайда тұтқындалған ер адам оның сөзін елемепті. Сонымен қатар ол полицейдің аяғына екі рет оқ атып, артынша тапаншаның аузына тақап, суицид жасамақ болған.

Алайда өзге полицейлер оны тоқтатып үлгеріп, қолынан қаруын тартып алды.

Қазіргі уақытта учаскелік полицейге қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр.

Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады