jasqazaq.kz

Ақтөбеде екпеден бас тартқандар көп

02 қыркүйек 2019, 17:17

Ақтөбе облысындағы Темір, Мұғалжар, Байғанин аудандары мен Ақтөбе қаласы бойынша екпеден бас тартқандар көп. Бұл туралы «Ақтөбе жаңалықтары» хабарлады.

«Облыста арнайы топ жұмыс істеп жатыр. Құрамында дәрігерлер мен эпидемиолог мамандар бар. Көбіне діни көзқарастағы адамдар. Сондықтан мешіт, шіркеудің қызметкерлері ата-аналармен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Вакцина алмаған балалар арасында жұқпалы дертке шалдыққандар бар. Мәселен, олар қызылшамен ауырды», — деді облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева. Айта кетейік, облыста 86 адам қызылшамен ауырған. «Қызылша жұқтырған соң ата-аналар екпе алмағанына өкінді. Қазір мүлде екпе алмағандар келіп, вакцина жасатып жатыр», — деді Беркімбаева. Облыста вакцина алмағандар саны бірқалыпты сақталып тұр. Өсім де, азаю да байқалмайды.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық