
Ақтөбе облысындағы халықаралық тасжолда жол-көлік оқиғасы жиілеп кетті. Бүгін жол апатына ұшыраған екі жеңіл көлікте екі адам көз жұмды.
Халықаралық және республикалық маңызы бар тасжолдарда жол-көлік оқиғасы көбейді. «Бүгін Самара-Шымкент тас жолының 908 шақырымында Nissan жеңіл автокөлік жүргізушісі көлік қозғалысының қарама-қарсы бағытына шығып кетіп, Mercedes маркалы жүк көлігімен соқтығысқан. Салдарынан Nissan автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Қазіргі уақытта жол апатының себептері анықталып жатыр», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

ҚазАқпарат