Ақтөбедегі дүкендердің бірінде тұрған банк терминалы ұрланып, күдіктілер қамауға алынды, деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«14 қазанда таңғы сағат 05-10-да патрульдік полиция қызметкерлеріне он минут бұрын белгісіз адамдар дүкеннің есігін бұзып, Kaspi банк терминалын жасырын түрде ұрлап әкеткені туралы хабарлама келді. Патрульдік полиция экипажы тексеру барысында екі күдіктіні ұстады», — делінген баспасөз хабарламасында. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша «Ұрлық әрекеті» заңының 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.