jasqazaq.kz

Ақтөбеде бір тәулікте бір айлық мөлшердегі қар түсті

25 наурыз 2018, 20:51

Ақтөбеде де бір тәулікте бір айлық мөлшердегі қар түсті. Облыс аумағының кей жерлерінде ақ ұлпа әлі толассыз жауып тұр. Осыған орай «Казгидромет» наурыз айының соңына дейін дабылды ескерту жариялады. Бұл туралы Хабар 24 хабарлады.

Күн күрт жылынса, қардың тез еріп, су деңгейінің көтерілу қаупі бар. Коммуналдық мекемелер түні бойы қар тазалаумен айналысты. Қала және қала маңындағы ауылдық округтерде мұндай жұмыстарға 100-ге жуық техника мен 500 адам жұмылдырылған. 30 басқарушы компания мен 15 мердігер кәсіпорын көпқабатты үйлердің аулаларындағы ақ ұлпаны әлі шығарып жатыр. Қалада су тасқынына қарсы штаб құрылды. Жалпы облыс бойынша су басу қаупі бар 43 елді мекен анықталды. Бұл аумақтарда 12 мыңнан астам тұрғын бар. Төтенше жағдай бола қалса, 600 техника, 102 тонна жанар-жағармай, 13 тонна инертті материал мен 46 мың тонна құм толтырылған қапшықтар дайын тұр. Ақтөбе тұрғыны: – Көктем келгенмен, қыс райынан қайтпай тұр. Бір түнде қалың қар басып қалды. Көктемнің жаймашуақ күндерін күтіп жүрміз. Мен ауылда тұрамын. Күн жылынған бойда жер жыртып, бақша саламыз. Қар мол түссе, ылғал көп болатын шығар. Ақтөбе тұрғыны: – Көңіл-күйіміз көктем сияқты болғанымен, аяқ астынан жауған қар қыстың әлі кетпегенін көрсетті. Меніңше, қыс бойы мұндай көп қар жаумаған сияқты. Көктем алыс емес, жақын күндері күн жылынатын шығар деп ойлаймын.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде