jasqazaq.kz

Ақтөбеде баласы анасына бауырын бөліп берді

30 мамыр 2019, 17:07

Ақтөбеде бауыр церрозына шалдыққан науқас әйелге баласы бауырының бір бөлігін берді. Ақтөбе қаласының тұрғыны өзін жайсыз сезініп, басы айналып, әлсірей бастаған соң дәрігерге қаралған.

Ақ халаттылар бірден бауыр церрозы диагнозын қойды. Әрі С гепатиті анықталды. «Алғашында гепатитті емдеу шарасы жүрді. Бірақ жағдай оңалмады. Сондықтан бауырды ауыстыру жөнінде шешім қабылданды. Анасының ауырып жатқанын көрген баласы бірден бауырын беруге келісті. Ота Ақтөбе қаласында жасалды. Сеул ұлттық университетінің профессоры Кванг Вунг Ли бастаған дәрігерлер 6 сағаттан астам уақыт бойы операция жасады. Науқастың жағдайы тұрақты ауыр, жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылды», — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Айта кетейік, ота Сеул ұлттық университеті, облыстық денсаулық сақтау басқармасы және Ақтөбе медицина орталығы арасындағы келісім аясында жасалды. Бұл — бауыр ауыстырудың 14-ші отасы болды.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда