jasqazaq.kz

Ақтөбеде балалы әйелге иттер шабуыл жасады

19 шiлде 2022, 14:33

Ақтөбедегі Есет батыр тұрғын үй алабында балалы әйелге иттер шабуыл жасады. Әйел екі жасар ұлын қорғап қалған, бірақ иттер тұрғынның аяғын тістеп тастаған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Диапазон» сайтына сілтеме жасап.

Әйелдің жұбайының айтуынша, ол сағат 19.00 шамасында 3-ықшамауданнан 4-ықшамауданға шыққан. Бір топ ит әйелге шабуыл жасағанда қасында екі жасар ұлы болған.

«Әйелім ауырып, ине салдыруға көрші үйдегі туыстарына шыққан. Баламыз қасында болды. Иттер шабуыл жасағанда, ол баланы көтеріп, қолтығына қысып алған. Бірақ иттер өзіне шабуыл жасаған. Әйеліме көмектесуге екі адам жүгіріп келіп, иттерді қуып жіберіпті. Баламыз қатты қорқып қалды. Қазір иттерден қорқады. Әйелімді ауруханаға алып кетті, қазір екпе салдырып жүр. Құрылыс алаңындағылар мұнда иттер жиі жүретінін айтты. Олар қорықпайды. Менің әйеліме ғана емес, басқа бір жігітке де шабуыл жасапты. Ол иттерді қорқытып, қашып үлгерген», — деп бөлісті ер адам.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр