jasqazaq.kz

Ақтөбеде балаларға манту орнына БЦЖ салған дәрігерлерге қылмыстық іс қозғалды

29 қыркүйек 2022, 13:42


Ақтөбеде манту орнына туберкулезге қарсы вакцина салған дәрігерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ақтөбе қаласы Алматы аудандық полиция бөлімі манту орнына вакцина салған медицина қызметкерлеріне қатысты Қылмыстық кодекстің «Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы» бабы бойынша іс қозғады. Қазіргі кезде қажетті медициналық сараптамалар тағайындалды. Тергеу облыс прокурорының бақылауында болады», — деді Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуроры Жасұлан Дәулембаев.

Айта кетейік, Ақтөбеде 42 оқушыға манту сынамасының орнына БЦЖ салынған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев қателік кеткенін мойындап, ата-аналарға түсіндіру жұмысын жүргізгенін айтты.

Жергілікті жерде бірден екі комиссия құрылды.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр