jasqazaq.kz

Ақтөбеде балалар лық толы мектеп автобусынан өрт шыққан

21 ақпан 2022, 14:12

21 ақпанда Ақтөбеде №18 мектепке бара жатқан жолда балалар отырған ПАЗ автобусынан өрт шықты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Диапазон» басылымына сілтеме жасап.

Жүргізуші мен тәрбиеші балаларды дер кезінде көліктен шығарып, жалынды ауыздықтап үлгергені айтылған.

Айта кетейік, бұған дейін ата-аналар мектеп автобусында ақау барын айтып, бірнеше рет шағымданған. Олардың айтуынша, төрт жыл бойы үнемі істен шығып келеді.

«Қызым көлік жүріп келе жатқанда салон қатты түтіндей бастағанын, жүргізуші есіктерді тез ашып, балаларды сыртқа шығарғанын айтты. Салон лық толы болған. Бақытымызға қарай, бәрі сыртқа шығып үлгерді, ал жалынды өртсөндіргішпен сөндірген. Үнемі істен шығып, жиі жөнделеді. Автобусты ауыстыруды төрт жыл болды сұрап келеміз», — дейді оқушы қыздардың бірінің анасы.

Басылым пікір алу үшін қалалық білім бөліміне жүгінген. Олар бұл мәселе бүгін шешілетінін айтқан – автобус «міндетті түрде ауыстырылады». Жағдай туралы кейінірек толық айтуға уәде берген.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде