jasqazaq.kz

Ақтөбеде балабақшадан өрт шықты

20 ақпан 2020, 12:20

Ақтөбеде балабақша ішінде электр тогының қысқа тұйықталуы болып, өртене бастаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін сағат 9:15-те Ақтөбе қаласы, Тұрғындар қалашығы ауданындағы «Әсел» балабақшасынан өрт шықты. 102 нөміріне хабар түскен бойда оқиға орнына полиция жедел жеткен. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ғимарат ішінен түтін шыққанын көрген құқық қорғаушылар дереу құтқару жұмыстарына кірісіп, 90 баланы эвакуациялады. Олардың барлығын автобусқа отырғызды. «Электр тогының қысқа тұйықталуынан жан-жағы жана бастаған, бірақ жалын кең тарап кетпеді. Барлығы 130 адам эвакуацияланды. Басым бөлігі — бүлдіршіндер. Өрт сөндіру қызметінен 20-ға жуық техника мен 60 адам жұмылдырылды», — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия