jasqazaq.kz

Ақтөбеде азаматтық борышын өтеуге міндеттеу түсінбеушілік туғызды

20 қазан 2020, 23:28

Ақтөбеде әскерге барғысы келмейтіндерді іздеп, азаматтық борышын өтеуге міндеттеу жұмысы тұрғындар арасында түсінбеушілік туғызды. Әскери комиссариат қызметкерлері ондай жауапсыз жігіттердің ізіне түсіп, кез келген жерден көлікке отырғызып әкетіп жатыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Әлеуметтік желіде тарап кеткен видеода полиция қызметкері мен әскери киінген адамға ақтөбелік азаматтың айғайлап тұрғаны түсіп қалған. Ал дау әскери комиссариаттың көлігінде отырған жас жігітке қатысты басталыпты. Әскерге барғысы жоқ азамат әй-шәйға қаратпай әкетіп бара жатқандарға қарсылық көрсетуде. Ақтөбеліктер көшеден, тіпті базарлардан жастарды әскерге күштеп әкетіп жатыр деп даурығып жатыр. Комиссариаттағылар бұл кезекті әскерге шақыру жұмысы кезінде болған жағдай деп отыр.

Сейіткерім Арапбаев, Ақтөбе облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығы:

— Бөлім бастығы шақыру қағазын беріп жатқан кезде балағаттаған, сондай жағдай болды. Ол күнделікті атқарылып жатқан жұмыс, ешқандай несі жоқ. Өкінішке орай, бейнетаспаға түсірілген әскери шақыру, оны түсіріп жатқанда менің офицерім, майор Магауин оны біліп отырған. Соның өзінде мынадай жағдайға, ешқандай ешкімді сүйреп тасымаған. Әскери шақыру қағазын береді, болды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия