
Ақтөбеде 8 жасар баланы аулада көлік қағып кетті. Ол ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақтөбе облысы ДП баспасөз қызметі:
11 маусымда 12-шағын ауданда аулада, 25-үйдің жағынан келе жатқан Mazda-626 көлігінің 45 жастағы жүргізушісі кәмелетке толмаған баланы қағып кетті.
Оқиға салдарынан 8 жасар бала балалар клиникалық ауруханасына жатқызылды.