jasqazaq.kz

Ақтөбеде әскери танкіні темірге өткізіп жіберген

03 шiлде 2021, 0:16

Ақтөбеде металл қабылдау бекетіне танк тапсырып, қазір тергеу жүріп жатыр. Танкіні кімнің тапсырғаны туралы ақпарат әлі күнге дейін құпия сақталып отыр.

Ұлттық ұланның әскери полициясы 66/55 әскери біліміне хабар келіп, танктің металл қабылдау бекетінде тұрғаны анықталды.

«Біздің әскери бөлімде әскери техника болған соң барып қарау — міндетіміз. Әскери бөлім офицерлері оқиға орнына барды, қарады. Шын мәнінде танк тұр. Тек жоғарғы бөлігі, оқ-дәрісі жоқ. Сол жерде кімнің тапсырғаны анықталды. Оны қазір жариялай алмаймыз. Тексеру жүріп жатыр. Әскери тергеу басқармасы, Ақтөбе гарнизонының әскери полициясына хабар берілді. Құжаттар жиналды. Танкінің материалдық құны жоқ. Дегенмен кез келген әскери техника арнайы орында жойылуы тиіс»,- деді 66/55 әскери бөлімі әскери полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі Марат Есет.

Оның айтуынша, Т-34 маркалы танк соғыс кезінде қолданылған. Қазір қолданыста жоқ.

«Қазір танкі металл қабылдау бекетінде тұр. Нақты шешім қабылданғанға дейін әскерилер күзетеді. Металл қабылдау бекетіндегі адамдардың айтуынша, салмағы 20 тонна болады»,- деді Марат Есет.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия