jasqazaq.kz

Ақтөбеде анасы ұлын зорлаған студентке қатысты сот үкіміне наразы

11 тамыз 2018, 15:32

Ақтөбе облыстық соты үш жыл бойы жасөспірімге азғындық әрекет жасап келген студентке қатысты үкім шығарды.

3 тамызда Ақтөбе облыстық ауданаралық мамандандырылған қылмыстық соты қаладағы колледждердің бірінің студентіне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайд «Актобе Таймс» басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Сот студентті ҚР ҚК 121-бабы 3-тармағы (Кәмелет жасқа толмағанмен сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша кінәлі деп таныды. Оған 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

«Сот Ж-ның 2016 жылдың шілде айында Ақтөбе қаласында кәмелетке толмаған 2001 жылғы К-ға күш қолдану арқылы сексуалды сипаттағы зорлық әрекетін жасағанын анықтады», – дейді Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.

Сот үкімі шыққаннан кейін жәбірленушінің анасы сотталушыға кесілген мерзімге келіспейтінін айтты.

«Менің балама айуандық жасалды. Мұндай үшін ату жазасына кесу керек», – дейді анасы.

Жәбірленуші тарап моральдық шығын талап етпеді.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді