jasqazaq.kz

Ақтөбеде алаяққа сенген зейнеткер 24 млн теңгесінен айырылды

12 шiлде 2022, 15:24

Ақтөбеде алаяққа сенген зейнеткер 24 млн теңгесінен айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

66 жастағы ақтөбелік зейнеткер өзінің жылжымайтын мүлкі мен барлық қаражатынан айырылды. Шілде айында өзін банк қызметкері деп таныстырған белгісіз ер адам зейнеткерге қоңырау шалды.

Алаяқ мұндай операцияны әдеттегідей жүйедегі процесс деп түсіндіріп, жәбірленушіге банктік шотын алаяқтардан қауіпсіздендіруді ұсынған. Күдікті зейнеткерден депозиттегі барлық жинағын көрсетілген қауіпсіз шотқа аударуды сұрады. Кейіннен алаяқ жалған мүлікті сатудың басқа ұсынысымен қоңырау шалған. Сөйтіп жәбірленуші 24 млн теңгеден астам қаражатын жоғалтты.

ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, күдіктілерді анықтау мен ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр