jasqazaq.kz

Ақтөбеде әйелдерді тонап жүрген жас жігіт ұсталды

02 қазан 2020, 15:08

Қалада әйелдердің алтын алқасын тонаған күдікті ұсталды. Ол түнде ғана емес, күндіз де ашық түрде ұрлық жасаған.

Күдікті көшенің қуыс жерін әдейі таңдап, адам аз жүретін сәтті пайдаланған. Облыстық Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері тамыз — қыркүйек айлары аралығында 8 адамды тонаған 24 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ол кінәсін мойындады. Қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды. «Ұрланған зергерлік бұйымдарды тәркілеу үшін жедел-тергеу шарасы жүргізілуде. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Тонау» бабы бойынша іс қозғалды. Тағылған айып дәлелденсе, жас жігіт 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Егер сіз осындай қылмыстың құрбаны болсаңыз, жақын маңдағы полиция бөлімшесіне немесе 102 нөміріне қоңырау шалыңыз», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде