jasqazaq.kz

Ақтөбеде адвокаттың ұлы өз пәтерінде өлі күйінде табылған

14 сәуiр 2019, 11:23

Ақтөбеде қайғылы жағдай орын алды. Қорғаушы азаматтың 24 жастағы ұлы өз үйінде өлі күйінде табылған деп хабарлайды «Актобе Таймс».

Марқұмның анасының айтуынша, ол баласымен соңғы рет 31 наурыз күні көріскен екен.

«1 сәуір күні ол әпкесінің туған күніне, Алғаға келемін деп уәде берді. Біз оны күтіп, тәулік бойы хабарласумен болдық. Ол телефон тұтқасын көтермеді», — деп баяндады анасы.
Әбден уайымға салынған әйел Ақтөбедегі туыстарынан ұлының үйіне барып, бәрі дұрыс екеніне көз жеткізіп қайтуларын сұрайды.

Пәтерге барған жақындары жігіттің еденде қанға бөгіп жатқанын көреді. Олар бірден полиция шақырып, бозбаланың әкесіне хабарласады.

Кейіннен оның жарақат алып, қайтыс болғаны және денесі тәуліктен аса уақыт бойы жатқаны анықталған.

Тәртіп сақшылары болжам бойынша күдіктіні ұстады. Ол үш баланың анасы — 48 жастағы әйел екені белгілі болды. Ең сорақысы, күдікті келіншек марқұм жігіттің көршісі екен.

Қамауға алынған әйелдің туыстары бұл оқиғаға қатысты өз нұсқалары бар екенін мәлімдеген. Бірақ оны тек сотта айтатын көрінеді.

Басылымның жазуынша, кісі қолынан қаза тапқан жігіт универсиетте заңгерлік факультетте білім алған. Ол сабақтан бос уақытында әкесіне қорғаушылық қызметте көмектесіп жүріпті.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда