jasqazaq.kz

Ақтөбеде 48 жастағы адам өзін жарып жіберді

07 маусым 2018, 17:46

Ақтөбеде өзіне қол жұмсаған тұрғынды құтқарып қалу мүмкін болмады. 48 жастағы азамат өзін-өзі жарып жіберген деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ.

«6 маусым күні 1970 жылы туылған науқас жедел жәрдем ауруханасына травматикалық шокпен түсті. Оның қандай жағдайда жарақат алғаны белгісіз.
Науқастың жағдайы өте ауыр болды. Құтқарып қалу мүмкін болмады. Ол кісіге үш бригадалық топ ота жасады.

Науқас кеше сағат 8:20 да көз жұмды», — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының орынбасары Гүлнәр Шүкіровна.
ІІД-нің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарының жүріп жатқанын хабарлады.

«312-ші атқыштар дивизиясы даңғылы бойында орналасқан жеке компаниялардың бірінің аумағында жарақат алған адам туралы хабарлама келіп түсті. Мәлім болғандай, Ақтөбе қаласының тұрғыны өзіне-өзі қол жұмсаған, дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізіліп бірнеше сағаттан соң көз жұмды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда»,- дейді ІІД-нің баспасөз қызметі.

Осы оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 105-ші бабы 1-ші бөлігімен «Өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша сот алды тергеу амалдары басталды.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді